22.09.2026, 12:20
Жаңалықтар
Астанада тағы бір жаңа көпір салынады: Жеңіс Қасымбек оның себебін түсіндірді
Үкіметте жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралып жатыр
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy
Астанада Есіл өзенінің үстінен тағы бір көпір салынады. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жеңіс Қасымбектің мәліметіне сүйенсек, жаңа көпір «Нұрлы жол» вокзалы ауданында салынады.
«Хусейн бен Талал көшесін өзен арқылы өтетін көпір құрылысымен жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Жоба сол жағалау мен «Нұрлы жол» вокзалы ауданын байланыстыратын қосымша көлік қатынасын қамтамасыз етеді», - деп түсіндірді әкім.
Жеңіс Қасымбектің айтуынша, елордада 471 мың көлік тіркелген. Жыл сайын бұл санға 25-30 мың көлік қосылып отырады. Күн сайын қалаға 150 мыңға жуық көлік кіріп-шығады.
Көп оқылған
05.11.2026, 11:35
Қылмыс солай ашылды: Павлодарда алты жасында нағашы ағасы зорлаған қыз ауыр қылмысты ChatGPT-ге айтып берген
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды