22 қыркүйекте Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Елдің басым бөлігінде күн ашық болады, күндіз ауа температурасы +32°C-қа дейін көтеріледі

22 қыркүйекте Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Фото: istockphoto.com

Синоптиктер 22 қыркүйекке арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды. Елдің басым бөлігінде құрғақ ауа райы сақталады. Кей жерлерде түнде және таңертең тұман түседі. Жекелеген аудандарда ғана жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде ауа температурасы +6...+8°C, күндіз +20...+22°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +13...+15°C, күндіз +25...+27°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +12...+14°C, күндіз +28...+30°C.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +10...+12°C, күндіз +26...+28°C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +18...+20°C, күндіз +28...+30°C.

Атырауда құбылмалы бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +16...+18°C, күндіз +29...+31°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +11...+13°C, күндіз +23...+25°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +9...+11°C, күндіз +20...+22°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +5...+7°C, күндіз +18...+20°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +13...+15°C, күндіз +26...+28°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +7...+9°C, күндіз +23...+25°C.

Қызылордада бұлт аз, жауын-шашынсыз. Түнде +14...+16°C, күндіз +30...+32°C.

Павлодарда бұлт аз, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +9...+11°C, күндіз +21...+23°C.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +5...+7°C, күндіз +19...+21°C.

Семейде бұлт аз, жауын-шашынсыз. Түнде +4...+6°C, күндіз +19...+21°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +6...+8°C, күндіз +25...+27°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +13...+15°C, күндіз +28...+30°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +14...+16°C, күндіз +30...+32°C.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +9...+11°C, күндіз +24...+26°C.

Өскеменде бұлт аз, жауын-шашынсыз. Түнде +4...+6°C, күндіз +19...+21°C.