22 қыркүйекте бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
15 өңірде тұман, жаңбыр, найзағай және желдің күшеюі күтіледі
22 қыркүйекке Астана мен Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер тұман, жаңбыр мен найзағай, кей жерлерде желдің күшеюін болжайды. Бірқатар облыста өрт қаупінің жоғары немесе төтенше деңгейі сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Ақмола облысында түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстік жартысында өрт қаупі жоғары, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда төтенше өрт қаупі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталса, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Петропавлда түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысында түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.
Павлодар облысында түнде және таңертең солтүстігі, шығысы және орталығында тұман түседі. Облыста өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады, солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Павлодарда да түнде және таңертең тұман болады.
Қарағанды облысында түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз оңтүстігі мен шығысында солтүстік, солтүстік-шығыс желі күшейеді. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады, облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі бар. Қарағандыда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да төтенше өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз батысы мен оңтүстігінде солтүстік-батыс, солтүстік желі күшейеді. Батысы, шығысы мен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталса, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Абай облысында күндіз батысы мен оңтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Күндіз шығысы мен орталығында солтүстік, солтүстік-шығыс желі күшейеді. Облыста өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады, солтүстік-батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Семейде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Алматы облысының оңтүстік-шығысы мен таулы аймақтарында солтүстік, солтүстік-шығыс желі күшейеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады, оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары. Алматыда өрт қаупі жоғары деңгейде, Қонаевта төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауының таулы аймақтарында түнде солтүстік, солтүстік-шығыс желі күшейеді.
Жетісу облысының таулы аймақтарында жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Күндіз Алакөл көлдері аумағында солтүстік-батыс жел күшейеді. 22–24 қыркүйекте облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда да төтенше өрт қаупі бар.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында солтүстік-шығыс жел күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда да төтенше өрт қаупі бар.
Түркістан облысында күндіз таулы аймақтарда солтүстік-шығыс жел күшейеді. 22–23 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістан қалаларында да төтенше өрт қаупі бар.
Атырау облысында түнде батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстігі мен оңтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Шығысында өрт қаупі жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысы, солтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары деңгейде, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда өрт қаупі жоғары.
Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігі, солтүстік-шығысы және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.