«Өткен ғасырдың басында салынған»: Қызылорда облысында үш вокзал жаңарды
Бұл туралы көлік министрлігі хабарлап отыр
Қызылорда облысындағы Жосалы, Төретам және Арал теңізі станциясындағы теміржол вокзалдары қайта жаңарды. Айта кетейік, Арал теңізі станциясындағы вокзал 1904 жылы салынған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көлік министрлігінің мәліметіне сүйенсек, үш вокзалдың да қасбеті, шатыры мен инженерлік жүйесі жөнделген. Сондай-ақ перрондар мен іргелес аумақтар да жаңарған.
«Айта кетерлігі, Жосалы станциясының екі қабатты вокзалы 1905 жылы салынған. Станция арқылы Жосалыны Қазақстанның ірі қалаларымен, сондай-ақ Ресеймен, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен байланыстыратын 22 жолаушылар пойызы өтеді. Ал, Төретам станциясы арқылы 22 жолаушылар пойызы өтеді. Ал 1904 жылы салынған Арал теңізі станциясының вокзалы Аралды Қазақстанның басқа қалаларымен байланыстырып отыр», - деп хабарлайды министрлік.
Дереккөзге сүйенсек, қазір Қызылорда облысында Тереңөзек және Жалағаш станцияларының вокзалдары жөнделіп жатыр.