Астанада трансгендер тікелей эфирде боғауыз сөздер айтып, анаша шекті (ВИДЕО)

Ол қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды

Астанада трансгендер тікелей эфирде боғауыз сөздер айтып, анаша шекті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Астанада 36 жастағы трансгендер тікелей эфирде боғауыз сөздер айтып, анаша шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бейәдеп сөздер айтып, есірткі қолданған ер адамның кім екенін анықтады.

Тексеру барысында оның жеке басы анықталып, 36 жастағы Рустам Мухаметрахимов екені белгілі болды.

«Әлеуметтік желіде құқыққа қайшы контент жариялағаны үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар тексеру барысында есірткі затын медициналық емес мақсатта қолдану фактісі расталды. Осыған байланысты ер адам жауапкершілікке тартылды. Есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз айналымға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оның әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға тергеу нәтижесі бойынша беріледі», – делінген ПД хабарламасында.