Үсік, нөсер және қатты жел: 30 тамызда ауа райы бұзылады

Елдің бірқатар өңірінде нөсер, бұршақ, қатты жел мен үсік күтіледі

Үсік, нөсер және қатты жел: 30 тамызда ауа райы бұзылады
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» 30 тамызға Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жариялады. Бірқатар облыста найзағай, нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл және секундына 25–28 метрге дейін жететін қатты жел күтіледі. Сонымен қатар кей өңірлерде төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада 30 тамызда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Алматы облысының таулы аудандарында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік бағытқа ауысып, екпіні 18 м/с-қа жетеді. Облыстың орталығында, батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта да төтенше өрт қаупі бар. Іле Алатауы тауларында, соның ішінде Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және бұршақ түседі. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Петропавлда да түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз солтүстік-батыстан соғатын жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда да осындай ескерту жарияланды.

Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың шығысында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 23–28 м/с-қа жетеді. Орталығында, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда да төтенше өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығысында, солтүстік-батысы мен орталығында жоғары, ал облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде де түнде және таңертең тұман түседі. Сонымен қатар 30 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында облыстың батысы мен солтүстігінде 1–3 градус үсік күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз шығысында нөсер жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең батысында, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 25 м/с-қа жетеді. Көкшетауда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде шаңды дауыл болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістанда да осындай жағдай болжанады.

Маңғыстау облысының батысы мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батысы мен оңтүстігінде жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Батысы мен солтүстігінде төтенше, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда да төтенше өрт қаупі бар.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстігі мен шығысында солтүстік-батыстан соғатын жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстік-батысы мен шығысында жоғары, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда да осындай ескерту жарияланған.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Өңірде төтенше, ал солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда түнде және таңертең тұман түсіп, жоғары өрт қаупі болады.

Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында күндіз нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және бұршақ түседі. Түнде және таңертең оңтүстігі, шығысы мен орталығында тұман күтіледі. Оңтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Павлодарда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ күтіледі. Батысында, солтүстігі мен шығысында солтүстік-батыстан соғатын жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Өскеменде түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Абай облысының батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз орталығында жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Желдің екпіні бірқатар ауданда 15–20 м/с-қа жетеді. Оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел екпіні 15–20 м/с болады.

Қызылорда облысының солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл мен шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен соғатын жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен шығысында таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауыл күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да осындай ескерту жарияланған.