29.08.2026, 18:04
Жаңалықтар
Елімізде 248-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды
Бұл нысан 5 елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
Фото: ТЖМ
Ақмола облысы Бұланды ауданы Капитоновка ауылында 248-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру құралымының ашылуы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл бекет ең жақын маңдағы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 71 шақырым қашықтықта орналасқан және жалпы саны 3234 тұрғыны бар 5 елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Бекет жергілікті кәсіпкердің қолдауымен құрылды. Жедел әрекет ету үшін бөлімше ТЖМ табыстаған өрт сөндіру автоцистернасымен, қажетті жабдықтармен, байланыс құралдарымен және арнайы киіммен жабдықталған. Бекетте жеке құрамның қызмет атқаруы үшін барлық тиісті жағдай жасалған. Еріктілер ТЖД базасында арнайы дайындықтан өтті.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
28.11.2026, 12:07
Қарағандыда балалар үйінің тәрбиеленушісін бопсалағандар сотталды
