Қазақстан мен Үндістан цифрлық криминалистика бойынша қос дипломды бағдарламаны іске қосты

Оқу қорытындысы бойынша түлектер екі университеттің дипломын алады

Қазақстан мен Үндістан цифрлық криминалистика бойынша қос дипломды бағдарламаны іске қосты
Фото: ІІМ

Қазақстан ІІМ Басқару академиясында еліміздің күштік құрылымдары жүйесінде алғаш рет цифрлық криминалистика бағыты бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бағдарламаның ресми ашылуына Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ержан Саденов, Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы Саясат Нұрбек, сондай-ақ NFSU мен ІІМ Басқару академиясының басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Жоба Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігімен және Үндістанның Ұлттық сот сараптамасы университетімен (NFSU) бірлесіп жүзеге асырылуда.

Бағдарлама аясында ҚР ІІМ Басқару академиясының 20 магистранты цифрлық криминалистика, киберқауіпсіздік, сот сараптамасы және қылмыстарды тергеудің заманауи әдістері бағыттары бойынша білім алады.

NFSU – Үндістандағы сот сараптамасы, криминология, цифрлық криминалистика және киберқауіпсіздік салаларында мамандар даярлаумен және ғылыми зерттеулермен айналысатын мамандандырылған университет.

Ынтымақтастық қазақстандық мамандарға халықаралық тәжірибе жинақтап, цифрлық ортадағы қылмыстарды тергеуге қажетті заманауи практикалық білім алуға мүмкіндік береді.

Оқу қорытындысы бойынша түлектер екі университеттің дипломын алады.