28.08.2026, 16:57
Жаңалықтар
Өскеменде ер адам Ертіс өзенінің көпірінен секіріп кетті
Қазіргі уақытта іздестіру жұмысы жүріп жатыр
Фото: istockphoto.com
Өскеменде құтқарушылар мен полицейлер Ертіс өзенінің көпірінен секіріп кеткен 35 жастағы ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға туралы хабарлама «102» арнасына 27 тамыз күні сағат 16:24-те түскен. Бастапқыда полицияға көпірден Ертіске белгісіз ер адамның секіріп кеткені туралы ақпарат келген.
Тексеру барысында құқық қорғау органдары оның жеке басын анықтады. Ол 35 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Қазіргі уақытта іздестіру жұмысы жалғасып жатыр. Оған полиция қызметкерлері, құтқарушылар және басқа да тиісті қызметтер жұмылдырылған.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады