Құрылтай сайлауы: Олжас Бектенов дауыс берді
Премьер-министр жаңа бірпалаталы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының жаңа бір палаталы Құрылтайына депутаттарды сайлау жөніндегі алғашқы сайлауда дауыс беруге қатысты.

Еске салайық, бұған дейін «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді.
Сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Құрылтай сайлауында дауыс берген болатын.
Сонымен қоса ҚР Парламенті Сенатының бұрынғы төрағасы Мәулен Әшімбаев Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты.
Айта кетейік, 23 тамызда Қазақстанда ел тарихындағы жаңа бірпалаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы басталды. Сайлау учаскелері ел аумағында ашылып, дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Таңғы сағат 07:00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі 10 363 сайлау учаскесі дауыс беруге кіріскені белгілі болды.