«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді
Сайлау жаңа Конституция қабылданғаннан кейін алғаш рет өтіп жатыр
«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол азаматтардың сайлауға қатысуы және азаматтық жауапкершілік танытуы аса маңызды екенін атап өтті.

Биылғы сайлау науқаны 2026 жылы 15 наурызда Конституция қабылданғаннан кейін алғаш рет өтіп жатыр. Конституциялық реформаға сәйкес, Қазақстан Парламенттің екі палаталы құрылымынан бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтайға өтті.

Бүгін қазақстандықтар алғаш рет Құрылтай депутаттарын партиялық тізім бойынша сайлап жатыр.
Бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Құрылтай сайлауында дауыс берген болатын.
Сонымен қоса ҚР Парламенті Сенатының бұрынғы төрағасы Мәулен Әшімбаев Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты.
Айта кетейік, 23 тамызда Қазақстанда ел тарихындағы жаңа бірпалаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы басталды. Сайлау учаскелері ел аумағында ашылып, дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Сондай-ақ таңғы сағат 07:00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі 10 363 сайлау учаскесі дауыс беруге кіріскені белгілі болды.