23.08.2026, 09:15
Жаңалықтар
Ақмарал Әлназарова Құрылтай сайлауында дауыс берді
Бұл сайлау саяси реформалардың жаңа кезеңінің маңызды бастауы болып саналады
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Бүгін Қазақстанда алғаш рет бір палаталы Парламент – Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің Конституциялық құқығын пайдаланып, өзіне бекітілген сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейінгі бұл сайлау саяси реформалардың жаңа кезеңінің маңызды бастауы болып саналады.
Мемлекет басшысы атап өткендей, Құрылтай сындарлы көзқарастар мен мақсат-мүдделерді тоғыстыратын ортақ алаңға айналып, елімізді одан әрі жаңғырту үдерісіне жоғары қарқын беруі тиіс.
Көп оқылған
23.08.2026, 16:15
24 тамыз күні ауа райы қандай болады
23.08.2026, 18:41
Әлем чемпионаты: ұлттық құрама қазақ күресінен үш алтын еншіледі
23.08.2026, 16:38
ШҚО-да жартасқа жазу жазған шетелдіктерге айыппұл салынды
23.08.2026, 16:59
Өскеменде полицейлер жоғалған 9 жасар баланы 8 минутта тапты