ЖСДП Атырауда тұрғындардың аула мәселелерін талқылады
Кездесу барысында ЖСДП өкілдері тұрғындардың ұсыныстарын тыңдап, аула мен қоғамдық кеңістіктерге қатысты мәселелерді талқылады
ЖСДП Атырау облыстық филиалы Атырау қаласының тұрғындарымен «Жайлы аула – қауіпсіз қала» тақырыбында кездесу өткізді. Жиында партия өкілдері тұрғындардың күнделікті өміріне қатысты мәселелерді тыңдап, аула аумақтарын абаттандыру, балалар ойын алаңдарының жағдайы, жарықтандыру, тазалық және қауіпсіздік мәселелерін талқылады., деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесуде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, көппәтерлі үйлердің аулаларын күтіп ұстау, балалар алаңдарын ретке келтіру, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мәселелері көтерілді. ЖСДП Атырау облыстық филиалының төрағасы, ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидат Нұрайнаш Балтабайқызы тұрғындар көтерген мәселелердің маңыздылығына тоқталды.
«Азаматтардың басты қажеттіліктерінің бірі – баспана. Тұрғын үйдің жайлы, ауланың қауіпсіз болуы маңызды шарттар. ЖСДП Атырау облыстық филиалы бұл бағытта тұрғындармен бірлесе үлкен жұмыстар жасады. Партияның сайлауалды бағдарламасында да қолжетімді баспана, қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру туралы нақты ұсыныстар қаралған. Бұған дейін көтерілген мәселелер назарға алынып, азаматтарға жайлы тұрмыс ұйымдастыру бойынша жұмыстар жалғасын табатын болады», – деді Нұрайнаш Балтабайқызы.
ЖСДП тұрғындармен кездесулер барысында көтерілетін мәселелердің қатарында тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйіне де назар аударып келеді. Партияның бағдарламасында көппәтерлі үйлерді басқарудың ашықтығын арттыру, тұрғындардың құқықтарын қорғау және инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері қамтылған.
Кездесу барысында ЖСДП өкілдері тұрғындардың ұсыныстарын тыңдап, аула мен қоғамдық кеңістіктерге қатысты мәселелерді талқылады. Партия үшін мұндай кездесулер жергілікті деңгейдегі проблемаларды анықтап, тұрғындардың ұсыныстарын тиісті деңгейде көтерудің бір жолы ретінде қарастырылады.