Алматыда қонақүйлердің бірінде әйел адамнан есірткіге ұқсас зат пен таразы табылды (ВИДЕО)
Жалдамалы бөлмеге жүргізілген тінту барысында күтпеген заттар анықталды
Алматы қаласында Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері қаладағы қонақүй кешендерінің бірінде 41 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жалдамалы бөлмеге жүргізілген тінту барысында күтпеген заттар анықталды.
Полицейлер орау материалдарын, электронды таразыларды және өзіне тән иісі бар ақшыл қоңыр түсті затты тәркіледі.
«Тәркіленген заттың құрамы мен сипатын анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар ұсталған әйелден үш ұялы телефон тәркіленді. Әйел ұсталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын және есірткі арнасына қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғаларды анықтап жатыр», – делінген ПД хабарламасында.