«Байтақ» партиясы Қобда ауданының тұрғындарымен экология және инфрақұрылым мәселелерін талқылады
Аудан тұрғындары өз елді мекендері үшін өзекті деп санайтын мәселелерін ортаға салды
Ақтөбе облысының Қобда ауданында «Байтақ» партиясының өкілдері жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында «Байтақ» партиясы қоршаған ортаның жағдайын, су ресурстарын сақтауды, елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуды және халықтың тұрмыс жағдайына байланысты мәселелерді талқылады.
Аудан тұрғындары «Байтақ» партиясына өз елді мекендері үшін өзекті деп санайтын түйткілдерді айтып, оларды шешу бойынша ұсыныстарын білдірді.
Партия өкілдері мұндай кездесулер өңірлік мәселелерді тікелей тұрғындармен талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Алдағы уақытта экологиялық және инфрақұрылымдық мәселелерді талқылауды әрі кездесулерді жалғастыру жоспарланып отыр.