$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.08.2020, 17:28
Жаңалықтар

Қазақстандағы ең осал университет анықталды

Әлеуметтік сауалнамаға 112 247 студент қатысты

Қазақстандағы ең осал университет анықталды
Фото: sputniknews.kz

Қазақстанда алғаш рет тікелей студенттер, магистранттар, докторанттар мен түлектердің бағалауы бойынша ЖОО-ның рейтингі жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазақстан студенттері Альянсына сілтеме жасап.

Сауалнамаға 14 мамыр мен 20 маусым аралығында еліміздегі 14 облысы мен 3 мегаполистің жоғары оқу орындарының білім алушылары мен бітіруші түлектері қатысқан.

«ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің 2020 жылдың ақпан айындағы мәліметтеріне сәйкес, 2019-2020 оқу жылында елімізде 604 345 студент білім алуда. Оның 112 247-сі біз жасаған әлеуметтік сауалнамаға атсалысты, бұл республикадағы жалпы студенттер санының 18,6%-ын құрайды. Сауалнамаға қатысқан 112 247 білім алушы мен түлектердің 84.25% – студент, 4,7% – магистрант, 0,8% – докторант және 10,25% – түлектер. Әлеуметтік сауалнама сілтемесі БАҚ, Instagram, Facebook әлеуметтік желілері, сонымен қатар Қазақстан студенттер альянсының өңірлік филиалдары, белсенділер күшімен студенттер арасында және WhatsApp желісі топтарында таратылды», - деп пікір білдірді Студенттеральянсының президенті Ілияс Түстікбаев.

Әлеуметтік сауалнама нәтижесінде, еліміздің үздік және нашар 10 ЖОО-сы анықталды. Сонымен қатар, өзекті 9 сұрақ бойынша да үздіктер мен аутсайдерлер жарияланды.

Ең үздік ЖОО-лар көшін Nazarbayev University бастады. Ал Азаматтық авиация комитеті ең осал университет ретінде танылды. Төмендегі кестеде толық тізім көрсетілген:

«Әлеуметтік сауалнамаға өмірдегі маңызды сәттер мен мәселелерді шешетін 9 тақырып таңдалып алынды. Олар - білім беру бағдарламасы, материалдық-техникалық базасы, сыбайлас жемқорлық, жұмыспен қамту, жатақханалардың жағдайы, асханалардағы тамақ сапасы мен бағасы, университет басшылығының ашықтығы, студенттің өзін-өзі басқару деңгейі және мамандық таңдау себебі. Рейтинг жоғары білімді тәуелсіз бағалау, абитуриенттерге кәсіптік бағыт-бағдар беріп, жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз ету, еліміздегі білім жүйесін дамытуға үлес қосу және ҚР Білім орындарына жауапты министрліктері мен ЖОО басшылықтарына ұсыныстар әзірлеуге бағытталған», - дейді Студенттеральянсы басшылығы.

Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары бойынша да Назарбаев университеті алға шықса, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті бұл рейтингте артта қалды. Ең белсенді студенттері бар университет – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті болды. Ең үздік жатақхана – Назарбаев университеті мен Қазақ ұлттық хореография академиясында. Жастар ең арзан әрі дәмді асханасы бар ЖОО ретінде С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін таңдаған. Жемқорлық фактілері ең көп кездесетін университет - NARXOZ, жемқорлық фактілері аз кездесетін немесе кездеспейтін ЖОО - Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университеті болып отыр.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары