Қазақстанда доллар бағамы 462 теңгеден асты

Қытай юанінің бағамы 0,34 теңгеге өсіп, 68,50 теңгеге жетті

Қазақстанда доллар бағамы 462 теңгеден асты
Фото: freepik.com

19 тамыз күні Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 462,22 теңгені құрады. Осылайша, доллар бағамы 1,88 теңгеге өсті. Ресей рублі 0,02 теңгеге арзандап, 5,40 теңге болды.

Қытай юанінің бағамы 0,34 теңгеге өсіп, 68,50 теңгеге жетті.

Айырбастау пунктерінде долларды 462,29-464,31 теңгеден сатып алып, 462,29-464,31 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 532,98-538,04 теңге аралығында, ал Ресей рублі 5,26-5,41 теңге аралығында айырбасталып жатыр.

Қазақстан Ұлттық банкінің 19 тамызға белгілеген ресми бағамдары: 1 АҚШ доллары – 460,13 теңге, 1 еуро – 532,60 теңге, 1 Ресей рублі – 5,42 теңге.