Аягөзде ондаған гектар жер алапат өртке оранды (ВИДЕО)

Барлығы 180-нен астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды

Аягөзде ондаған гектар жер алапат өртке оранды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Абай облысының Аягөз ауданындағы Ақбастау учаскесінде 75 гектар, Қоғалы учаскесінде 70 гектар аумақтағы құрғақ шөп алапат өртке оранды. Қазіргі уақытта құрғақ шөптің жануы оқшауланды. Ашық жану ошақтары байқалмайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, қазіргі уақытта жекелеген учаскелерге су себу жұмыстары жүргізіліп, қайта жанудың алдын алу мақсатында аумаққа бақылау жүргізілуде. Елді мекендерге қауіп жоқ.

«Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖМ күштері мен құралдары, ТЖМ-нің 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар және «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру жұмыстарын жалғастыруда. Барлығы 180-нен астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылған», – делінген ведомство хабарламасында.

Әуеден барлау барысында аумақ пен өрт ошақтарына әуеден шолу жүргізілді. Нәтижесінде өрттің оқшауланған учаскелерден тыс таралмағаны анықталды. Жағдай ТЖМ бақылауында.