«Әлеуметтік әмиян»: мектептегі тамақтануға қатысты жаңа жүйе іске қосылады
Онда расталған деректер сақталған
Жаңа оқу жылынан бастап мектептердегі тамақтану қызметтеріне ақы төлеу тек «Әлеуметтік әмиян» цифрлық жүйесінің расталған деректері негізінде жүргізіледі. Бұл туралы үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Вице-министрдің айтуынша, бұл ақпараттық жүйе әлеуметтік көмек түрлерін цифрландыруды және қаражаттың ашықтығын қамтамасыз етеді.
«2025-2026 оқу жылында осы жүйе арқылы оқушыларға 149 миллион тегін ыстық тамақ беріліп, 1,6 миллион цифрлық ваучер үлестірілді. Биылдан бастап тамақтану қызметтеріне ақы төлеу тек жүйедегі расталған деректер негізінде жүргізіледі. Сондықтан 1 қыркүйекке дейін тиісті тізімдерді толық қалыптастырып, барлық дайындық жұмыстарын аяқтау қажет», - деп атап өтті Ростислав Коняшкин.