Ақтауда ер адам ішіп алып, әйелін басынан ұрғаны үшін 25 күнін темір қапаста өткізетін болды
Оқиға биыл 13 шілде күні болды
Ақтау қаласында ішіп алған ер адам үйінде шу шығарып, әйелін басынан ұрғаны үшін 25 күнін темір қапаста өткізетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратураның мәліметінше, Ақтау қалалық сотының 2026 жылғы 13 шілдедегі үкімімен азамат «У» Қылмыстық кодекстің 109-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 25 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.
Анықталғандай, сотталған «У» алкогольдік масаң күйде отбасылық жанжал кезінде жұбайының басынан соққы жасап, физикалық күш қолданған.
«Сотта кінәсін мойындағанымен, бұл оны қылмыстық жауаптылықтан босатқан жоқ. Ақтау қаласының прокуратурасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке немесе отбасылық мәселе емес екенін, ол үшін заңда белгіленген қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске салады. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, дау-жанжалдарды күш қолданбай, заңды жолмен шешуі тиіс», – делінген прокуратураның хабарламасында.