«Ақ жол» партиясының өкілдері Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының ұжымымен кездесті
Кездесу барысында қорық қызметкерлерінің ұсыныстары мен өзекті мәселелері тыңдалды
«Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, табиғатты қорғау, өңірлерді дамыту және еңбек ұжымдарын қолдау мәселелері талқыланды.
Партия бағдарламасында табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен ұлттық мүддені қорғауға ерекше мән беріледі. «Ақ жол» табиғи байлықтарды игеруден түсетін пайда ең алдымен халыққа, мемлекетке және отандық кәсіпкерлікке қызмет етуі керек деген «ресурстық ұлтшылдық» қағидатын ұстанады. Сонымен қатар қоршаған ортаны сақтау мен табиғи мұраны келер ұрпаққа жеткізу елдің тұрақты дамуының маңызды бөлігі деп санайды.
Кездесу барысында қорық қызметкерлерінің ұсыныстары мен өзекті мәселелері тыңдалып, табиғи аумақтарды сақтау және өңірдің әлеуетін дамытуға қатысты пікірлер айтылды.