14.08.2026, 18:18
Жаңалықтар
Астана – Щучинск автожолында газель өртеніп кетті (ВИДЕО)
Қозғалыс қайта қалпына келітірілген
Фото: видеодан скриншот
Астана – Щучинск автожолындағы «Щучинск» ақы алу пунктіне кіреберісте қозғалыс жолағында «Газель» автокөлігі өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаға байланысты аталған жолақтағы қозғалыс уақытша тоқтатылды. ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына келіп, өртті толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жол қозғалысы қалпына келтірілді.
«Техникалық байқаудан белгіленген мерзімде өтіп, автокөлікке уақытылы техникалық қызмет көрсетіңіз. Әсіресе электр сымдарының, жанармай жүйесінің, қозғалтқыштың, аккумулятордың және басқа да маңызды тораптардың жағдайына назар аударған жөн. Олардың ақауы жол үстінде қауіпті жағдайға әкелуі мүмкін», - деп хабарлады «қазавтожол» компаниясы.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
