«Ақ жол» өкілдері Ақтөбеде колледж ұжымымен маңызды мәселелерді талқыға салды

Кездесу соңында колледж ұжымы өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді

«Ақ жол» өкілдері Ақтөбеде колледж ұжымымен маңызды мәселелерді талқыға салды
Фото: «Ақ жол» партиясы/Видеодан скрин

«Ақ жол» демократиялық партиясы Ақтөбе облыстық штабының өкілдері Жеке мекеме «Еуропалық жоғары цифрлық технологиялар және кәсіпкерлік колледжі» ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, білім беру саласын дамыту, жастардың сапалы білім алып, заманауи мамандықтарды меңгеруіне жағдай жасау, цифрлық технологияларды дамыту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу, еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлау және шағын және орта бизнестің дамуына қолдау көрсету бағыттарына ерекше назар аударылды.

Кездесуге «Ақ жол» демократиялық партиясы Ақтөбе облыстық штабының өкілдері Фархат Сансызбай және Қайыржан Бозқұланов қатысты.

Кездесу соңында колледж ұжымы өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.