Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында үш бірдей финалға жолдама алды

Бұл – спортшының ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жарысы

Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында үш бірдей финалға жолдама алды
Фото: olympic.kz

Германияның Франкфурт қаласында көркем гимнастикадан әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасының мүшесі Ақмарал Ерекешева үш бірдей финалға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл – спортшының ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жарысы. Ол көпсайыста 84,200 ұпай жинап, финалға сегізінші орынмен өтті. Бұл кезеңде үздік 18 гимнаст финалға жолдама алды.

Ақмарал жекелеген жаттығулар бойынша да жүлдеге таласады. Ол шығыршықпен емес, ұршықпен жаттығуда 29,000 ұпай жинап, төртінші орынға, ал лентамен өнер көрсетуде 28,350 ұпаймен төртінші орынға тұрақтады. Екі жаттығу бойынша да финалға үздік сегіз спортшы өтті.

Қазақстанның тағы бір өкілі Айбота Ертайқызы іріктеу кезеңінен аса алмады. Ол көпсайыста 24-орын алды. Жекелеген жаттығуларда шығыршықпен 10-орын, доппен 33-орын, ұршықпен 15-орын және лентамен 32-орын көрсетті.

Әлем чемпионатының финалдық сайыстары 14 тамызда басталады.