Қазақстан Халық партиясының өкілдері Жаңаарқада дәрігерлермен кездесті
Кездесуде партияның басым бағыттары түсіндірілді
Қазақстан Халық партиясының сайлауалды штабының Ұлытау облысы бойынша мүшелері Атасу кентіндегі Жаңаарқа ауданының көпбейінді орталық ауруханасының ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында партия өкілдері медицина қызметкерлерін сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарымен таныстырып, Қазақстан Халық партиясының қызметіндегі басым бағыттар туралы айтып, ұжым мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.
Кездесу барысында денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғау, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ азаматтарды қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды
Мұндай кездесулер еңбек ұжымдарымен ашық әрі сындарлы диалог жүргізуге, өзекті мәселелерді талқылауға және оларды шешу жолдарын бірлесіп қарастыруға мүмкіндік береді.