13.08.2026, 21:42
Жаңалықтар
«Ауыл» партиясы Ақтөбе облысының шаруаларымен кездесті
Шаруа қожалығының өкілдері ауыл шаруашылығы саласында кездесетін мәселелер мен өз ұсыныстарын ортаға салды
Фото: видеодан скрин
«Ауыл» партиясының Құрылтай депутаттығына кандидаты, партия төрағасының бірінші орынбасары Серік Егізбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барып, «Жансая» шаруа қожалығының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында өңірдегі ауыл шаруашылығының жайы, аграрлық саланы дамыту және жергілікті шаруалардың алдағы жоспарлары сөз болды. Шаруа қожалығының өкілдері ауыл шаруашылығы саласында кездесетін мәселелер мен өз ұсыныстарын ортаға салды.
Серік Егізбаев ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға қатысты тәсілдер туралы айтып, шаруалармен саланы одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді