«Ауыл» партиясы Тобыл кентінде педагогтердің мәселелерін тыңдады
Жүздесу барысында ауылдық жерлердегі білім сапасы, мұғалімдердің еңбек жағдайы және елді мекендерді абаттандыру мәселелері көтерілді
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы Тобыл кентінде «Ауыл» партиясының өкілдері педагогтермен кездесіп, ауылдағы білім беру саласының өзекті мәселелерін талқылады. Кездесуге Құрылтай депутаттығына «Ауыл» партиясынан кандидаттар Арман Исмаилов пен Айдар Байкин қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жүздесу барысында ауылдық жерлердегі білім сапасы, мұғалімдердің еңбек жағдайы және елді мекендерді абаттандыру мәселелері көтерілді. Сондай-ақ ауыл тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік және қоғамдық мәселелер сөз болды.
Педагогтер білім беру саласында кездесетін қиындықтарын айтып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Партия өкілдері қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты.
Кездесу ашық диалог форматында өтті.