Шымкентте «Байтақ» партиясы экология мен салауатты өмір салтын талқылады

Партия осы бағытта жұмысты күшейтпек

Шымкентте «Байтақ» партиясы экология мен салауатты өмір салтын талқылады
Фото: «Байтақ» партиясы

Шымкент қаласындағы Жеңіс саябағында Құрылтай депутаттығына кандидат Алтай Ордабеков салауатты өмір салтын ұстанатын белсенді тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кандидат «Байтақ» жасылдар партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Тұрғындардың ұсыныс-пікірін тыңдады. Жұрт қоршаған ортаның жай-күйі адам денсаулығына тікелей әсер ететінін алға тартып, бұл іске бейжай қарамау маңғызды деді.

«Таза ауа, сапалы ауыз су, қауіпсіз қоршаған орта – бұл әр азаматтың өмір сүруіне қажет негізгі қажеттіліктер. Сондықтан оған немқұрайлық танытуға болмайды. «Байтақ» партиясы экология саласындағы заңнаманы күшейтіп, табиғатты қорғау бағытындағы нақты жұмыстарды арттыруды ұсынады. Осы бағытта жұмысты күшейтпек», - деді Алтай Ордабеков.