13.08.2026, 14:16
Жаңалықтар
Павлодар облысында суға батып бара жатқан бозбаланы құтқарушылар аман алып қалды
Жасөспірімнің шомылуға арналмаған жерде суға түскені анықталды
Фото: istockphoto.com
Павлодар облысында суға батып бара жатқан 16 жастағы бозбаланы құтқарушылар аман алып қалды Оны құтқарушылар дер кезінде байқап қалған. Оқиға Усольск шағынауданында болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі irbistv.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жасөспірімнің шомылуға арналмаған жерде суға түскені анықталды. Салдарынан ол күшін дұрыс есептей алмай, суға бата бастаған.
«Құтқарушылар жүзу құралымен жасөспірімге жедел жақындап, 2010 жылы туған баланы судан алып шықты. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Жасөспірім құтқару станциясына жеткізілді», – деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы