Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова кенже қызының тұсаукесерін ерекше өткізді (ВИДЕО)
Олар тұсаукесуде ежелгі дәстүрді ұстанған
Отандық танымал әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімова кенже қыздары Рабия Сұлтанның 1 жасқа толған туған күні мен тұсаукесер тойын дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тоқ ішек - тоқшылықтың, молшылықтың нышаны. Халқымыз «тоқ болсын» деп тілеген. Бұл береке мен тыныш өмірдің белгісі. Жасыл шөп өмірдің өзі. Өсім, жаңару, үміт… Әр көктем сайын тіршілік қайта түлейді. Ала жіп адалдықтың белгісі. Дәстүр бойынша қызымызды жалаң аяқ жерге тұрғыздық. Табанымен көкті басып, жер қуатын алып, жылуын сезіп, тіршілікті жалғасын. Әр қадамың жер анаға аманат. Бұл сенің тағдырыңның бастауы», - деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.
Бүлдіршіннің тұсауын кесу құрметі танымал тележүргізуші Динара Сәтжанға бұйырды. Бұл рәсім үшін ол Алматыға арнайы ұшып келгенін айтты.
«Осыдан бірнеше ай бұрын Жұлдыз менен Рабия Сұлтанның тұсауын кесуімді өтінген еді. Бұл мен үшін әдемі дәстүр ғана емес, үлкен абырой мен сенім. Рабия Нұртас әулетіне шуақ болып келді, жылылық пен махаббат ала келді», – деп жазды Динара Сәтжан.