Шымкенттегі «Жайлаукөл» саябағында аттракционнан қыз бала құлап, қолын сындырып алды (ВИДЕО)

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды

Шымкенттегі «Жайлаукөл» саябағында аттракционнан қыз бала құлап, қолын сындырып алды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Шымкенттегі «Жайлаукөл» саябағында аттракционнан қыз бала құлап, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның қолын сындырып алғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желідегі мәліметке сүйенсек, оқиға 8 тамыз күні кешке Шымкенттегі «Жайлаукөл» саябағында болған. Бұл туралы зардап шеккен қыздың анасы Дина Сатова айтып берді.

Оның сөзіне сүйесек, отбасы балаларымен бірге саябаққа демалуға барған. Алайда көңіл көтеру орнының орнына шұғыл түрде ауруханаға баруға мәжбүр болған. Жасөспірім қыз «Джампинг» аттракционына мінген. Секіру кезінде, анасының болжамынша, арқан үзіліп кетіп, қызы құлап қалған.

«Қызым құлап, қолын сындырып алды. Біз шұғыл түрде ауруханаға бардық. Сол сәтте саябақ әкімшілігі болған жағдайға қызығушылық танытпады және кешірім де сұрамады», – дейді Дина Сатова.

Айта кетейік, бұл «Жайлаукөл» саябағындағы алғашқы оқиға емес. 2022 жылдың сәуір айында саябақтағы «Скалодром» аттракционында бір жас жігіт ауыр жарақат алған. Ол кезде полиция қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Кейін қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған.

Агенттік тілшісі оқыс оқиғаға байланысты Шымкент қаласының Полиция департаментіне сауал жолдады.

Мақалада
#Шымкент #саябақ