Жергілікті жердегі мәселелермен жүйелі жұмыс істеу маңызды – ЖСДП

Паритя өкілдері «Қапшағай Алтын Алма» тұтынушылар кооперативінің тұрғындарымен кездесті

Жергілікті жердегі мәселелермен жүйелі жұмыс істеу маңызды – ЖСДП
Фото: ЖСДП баспасөз қызметі

Алматы облысында ЖСДП өкілдері «Қапшағай Алтын Алма» тұтынушылар кооперативінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу барысында жергілікті тұрғындар әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер мен азаматтардың құқықтарына қатысты сауалдарын ортаға салды. Партия өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттарды таныстырып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар кооператив аумағында ақпараттық материалдар таратылып, тұрғындар көп жиналатын жерлерге партияның үгіт материалдары орналастырылған.

Партияның Алматы облыстық филиалы өкілдерінің айтуынша, кооператив тұрғындары бұған дейін де құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша көмекке жүгінген.

«Біз азаматтардың сенімін және ашық әңгімеге дайын екенін бағалаймыз. Жергілікті жердегі мәселелермен жүйелі жұмыс істеу маңызды. Тұрғындар көтерген ұсыныстар алдағы жұмыс барысында ескерілетін болады», – деп атап өтті ЖСДП-ның Алматы облыстық филиалы.