ЖСДП Қарағандыда ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау мәселесіне назар аударды

Жиынға ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналары, бейінді мамандар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері ерекше атсалысты

ЖСДП Қарағандыда ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау мәселесіне назар аударды
Фото: ЖСДП баспасөз қызметі

ЖСДП-ның Қарағанды облыстық филиалы аутистік спектрі бұзылған балалар мен олардың отбасыларын қолдау мәселесіне арналған сараптамалық кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиынға ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналары, бейінді мамандар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар және Құрылтай депутаттығына кандидат Нұрлан Әубәкіров қатысты. Кездесу барысында инклюзивті ортаны дамыту, сапалы білім мен медициналық және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ аутистік спектрі бұзылған балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға жүйелі қолдау көрсету мәселелеріне басымдық берілді.

Сарапшылар балаларды ерте анықтау және түзету-дамыту көмегін жетілдіру, инклюзивті білім беру саласына мамандар даярлау, әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеу және ерекше қажеттілігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту жөнінде ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар аутистік спектрі бұзылған балаларға арналған республикалық ресурстық орталық құру, әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру және қоғамда инклюзия мәдениетін қалыптастыру бастамалары ұсынылды.

«Әрбір Қазақстан азаматының білім алуына, дамуына, жұмысқа орналасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына тең мүмкіндіктері бар инклюзивті қоғам құру –партиямыздың басты басымдығы. Нәтижелі қолдау мемлекеттің, сарапшылардың, ҮЕҰ мен отбасылардың күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Тек тікелей диалог арқылы ғана біз заңнамалық деңгейдегі тиімді шешімдерді әзірлей аламыз», - деп атап өтті кездесуге қатысушылар.

Жиын қорытындысында айтылған ұсыныстар ерекше қажеттілігі бар балалар мен олардың отбасыларына көрсетілетін қолдау тетіктерін жетілдіруге бағытталатыны айтылды.