Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде күн суып, қар жауады
Күшті жел тұрып, көктайғақ болады деп күтілуде

5-7 қараша аралығында Қазақстанның басым аумағында күн жауын-шашынды болады деп хабарлайды «Қазгидромет» синоптиктері.
«Суық атмосфералық фронттармен белсенді циклон республиканың батыс, орталық және солтүстік облыстарында ауа температурасының төмендеуіне, жауын-шашын, екпінді жел, кей жерлерде бұрқасынның болуына ықпал етті. Қазақстанның оңтүстігінде де күн суытып, жаңбыр және жылбысқы қар түрінде жауын-шашынның жаууы басталды. Алдағы тәулікте циклонның шығыс бағытта жылжуымен республиканың оңтүстік-шығыс және шығысында жауын-шашын, атап айтқанда жаңбыр, қар, екпінді жел күтіледі», - делінген аталған хабарламада.
Сондықтан Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы 0 градустан төмен болады, солтүстік жартысында түнде -2…10°С, оңтүстігінде 0…8°С, бұл көрсеткіш орташа көпжылдық нормадан 3…6°С төмен.