$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.11.2019, 14:07
Жаңалықтар

Атырау әкімдігі перинталдық орталық дәрігерлерін жұмыста қалуға көндіріп жатыр

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев перинаталдық орталықта болған жағдайға қатысты пікір білдірді

Атырау әкімдігі перинталдық орталық дәрігерлерін жұмыста қалуға көндіріп жатыр

Оның айтуынша, мекеме қызметкерлерінің ешқайсысы жұмыстан шыққан жоқ. Қызметтен кетеміз деген 31 дәрігердің төртеуі қайта шақырылды. Қалғандарымен қазіргі уақытта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Перинталдық орталық штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Дәрігерлерге кәсіби маман ретінде медицинаға адалдық танытып, қызметін жалғастыру керектігін түсіндіріп жатырмыз. Ешқайсысы әлі жұмыстан кету туралы өтініш жазған жоқ. Ал тоңазытқыштағы баланың өліміне қатысты қылмыстық іс жүріп жатыр», - деді ол.

Әкімнің мәліметінше, қазіргі уақытта өңірдің денсаулық сақтау мекемелеріне 30 дәрігер жетіспейді.

«2016 жылы облыста 144 дәрігер жетіспейтін, қазір 30. Бұл сұрақ менің ұдайы бақылауымда. 2019 жылы өңірге 123 дәрігер келді. Оның 54-і перзентханалар мен балалар ұйымдарында жұмыс істеп жатыр. Ал 12-сі облыстық перинаталдық орталықта», - деді әкім.

Оқи отырыңыз: Жауапкершілік алуға дайынмын - Ноғаев Атыраудағы бала өліміне қатысты

Еске салайық, 4 қазанда жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Атырау облыстық перинаталдық орталығының жетекшісі жаңа туған баланың өліміне қатысты күдікке ілінгенін хабарлаған. Оның тірі баланы тоңазытқышқа салып, өлді деп тіркеп жібергені айтылған еді.

Серіктес жаңалықтары