Шымкентте «Еркін жол жүру» профилактикалық іс-шарасы өтті
Шараны Шымкент қаласының ТЖД Полиция департаменті ұйымдастырды
Өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру және арнайы қызметтердің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласының ТЖД Полиция департаментімен бірлесіп, тұрғын үй секторында «Еркін жол жүру» профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рейдтің негізгі мақсаты көпқабатты тұрғын үйлерге, әлеуметтік нысандарға және өрт гидранттарына апаратын кіреберіс жолдардың қолжетімділігін тексеру болды. Ерекше назар дұрыс қойылмаған автокөліктердің өрт сөндіру, авариялық-құтқару және басқа да арнайы техникалардың жүріп өтуіне кедергі келтіретін учаскелерге аударылды.
Іс-шара барысында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жүргізушілерге өрт немесе өзге де төтенше жағдай кезінде әрбір секундтың маңызды екенін түсіндірді. Аулаішілік жолдардың және кіреберістердің жабылуы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді қиындатып, адамдарға дер кезінде көмек көрсетуге кедергі келтіруі мүмкін екені ескертілді.
Сонымен қатар ТЖМ қызметкерлері тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрмыста өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, электр құралдарын қауіпсіз пайдалану және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету тәртібі жөнінде ақпарат берді.