26.06.2026, 14:37
Жаңалықтар
Астанада Есіл өзеніне көпірден секірген әйел адам құтқарылды (ВИДЕО)
Құтқарушылар оқиға орнына бір минутта жетіп үлгерген
Фото: Видеодан скрин
Астана қаласында Есіл өзеніне көпірден секірген әйел адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖД мәліметінше, 112 пультіне Атырау көпірі маңында әйел адамның суға батып бара жатқаны туралы хабарлама түскен.
Есіл өзенінің жағасында орналасқан құтқару бөлімшесінен ТЖМ қызметкерлері заманауи қайықпен дереу оқиға орнына шықты. Екі шақырымға жуық қашықтықты еңсеріп, олар оқиға орнына бір минуттың ішінде жетті.
«Құтқарушылар келгенге дейін қызға сол маңда болған қауымдастық мүшелері көмек көрсетіп, оны су бетінде ұстап тұрған. 1991 жылы туған әйел жағаға жеткізіліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», – делінген ТЖД хабарламасында.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді
25.09.2026, 10:39
Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: соңғы екі сарбаздың мәйіті табылды (ВИДЕО)
25.09.2026, 11:52
Алматы тауларына қыркүйекте қар жауды (ВИДЕО)