Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы екі өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істейтін болады

Бұл шекара бекеттерінің өткізу қабілетін арттырады

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы екі өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істейтін болады
Фото: depositphotos.com

Мәжіліс Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктері туралы келісімге өзгерістер енгізуді көздейтін хаттаманы ратификациялады. Бұл құжатқа 2024 жылғы 8 тамызда Астана қаласында қол қойылған болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Жаңа өзгерістерге сәйкес, «Сырдария – Малик» және «Целинный – Ок олтин» өткізу бекеттерінің мәртебесі «екіжақтыдан» «халықаралық (көпжақты)» деңгейге ауысады. Сондай-ақ олардың жұмыс уақыты тек күндізгі режимнен тәулік бойы (24/7) жұмыс режиміне көшіріледі.

Бұл шешім шекара бекеттерінің өткізу қабілетін арттырып, жолаушылар мен жүк тасымалын жеделдетуге, сонымен қатар екі ел арасындағы транзиттік-көліктік әлеуетті нығайтуға мүмкіндік береді.