Экологиялық заңнамаға түзету: Мәжіліс Сенат шешімімен келісті

Тағы бір заң жобасын жұмысқа алды

Экологиялық заңнамаға түзету: Мәжіліс Сенат шешімімен келісті
Фото: parlam.kz

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті екі ел үкіметтері арасындағы 2006 жылғы 4 қыркүйектегі келісім хаттамасына өзгерістер енгізу туралы құжатты ратификациялаумен айналысады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нұртай Сабильянов заң жобасын Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібіне қосуды ұсынды. Депуттар оған дауыс беріп, жұмысқа алды.

Сондай-ақ Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға Сенат енгізген түзетумен келісті.

Депутаттардың айтуынша, Сенат енгізген өзгеріс заңның тұжырымдамасын өзгертпейді және оның мазмұнын төмендетпейді. Түзету климаттың өзгеруіне жаһандық ден қоюға Қазақстан Республикасының ұлттық деңгейде айқындалатын салымы есебіне мемлекет резервтейтін көміртегі бірліктерінің үлесін төмендетуге бағытталған.