Аптап ыстық басылар емес: 22 маусымға дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер елдің бір бөлігінде аптап ыстық сақталатынын, ал кей өңірлерде найзағай, қатты жел мен нөсер жаңбыр күтілетінін ескертті.

Аптап ыстық басылар емес: 22 маусымға дауылды ескерту жарияланды
Фото: © istockphoto.com

22 маусымға арналған ауа райы болжамына сәйкес, синоптиктер Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның барлық облыстарында дауылды ескерту жариялады. Ел аумағында жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел және қатты жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік пен орталық өңірлерде аптап ыстық сақталып, ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі. Сонымен қатар жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада күндіз ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.

Ақмола облысының батысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың батысы мен оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың орталығында жоғары, шығысында төтенше, ал батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз 35 градус ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Батысы мен оңтүстігінде дауылды жел күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз батыс пен оңтүстікте секундына 15-20 метрге дейін жетіп, кей кездері 25 метрге дейін күшеюі мүмкін. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда түнде және таңертең тұман болады.

Қостанай облысында түнде батыс, солтүстік және оңтүстік аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз де жаңбыр мен найзағай күтіледі, ал облыстың батысы мен солтүстігінде бұршақ жауып, дауылды жел соғады. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтерілсе, оңтүстікте 39 градусқа дейін ысиды. Облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Павлодар облысында күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріліп, оңтүстігінде 41 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары, ал солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында күндіз 35-37 градус ыстық күтіледі.

Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталып, батыс, солтүстік және шығыс аудандарында төтенше деңгейде болады. Қарағанды қаласында да жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтерілсе, батысы мен оңтүстігінде 41 градусқа дейін қатты ыстық болады. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталып, оңтүстік және шығыс аудандарында төтенше деңгейде болады. Жезқазғанда күндіз 35-38 градус ыстық күтіледі. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, шығысында және оңтүстігінде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетіп, күндіз 23 метрге дейін күшеюі мүмкін. Күндіз ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталып, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше деңгейде болады. Өскеменде күндіз 35 градусқа дейін ыстық болады. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында солтүстік және солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетіп, кей жерлерде 23 метрге дейін күшеюі мүмкін. Күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталып, батысында, солтүстік-шығысында және оңтүстігінде төтенше деңгейде болады. Семейде күндіз 35 градусқа дейін ыстық болады. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні таулы аймақтарда секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстігі мен батысында жоғары, ал солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз 35 градус ыстық күтіледі.

Жетісу облысында күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Алакөл көлдері маңында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетіп, кей кездері 23-28 метрге дейін күшеюі мүмкін. Күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Өңірдің орталығында, солтүстігінде және оңтүстігінде жоғары, ал шығысы мен батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз 35 градусқа дейін ыстық болады. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың шығысында жоғары, ал солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, сондай-ақ таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысып, батысында, солтүстігінде және таулы, тау бөктеріндегі аудандарында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Облыстың батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында түнде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, күндіз оның екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауылды жел күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батыс бағытқа ауысып, облыстың солтүстігі мен орталығында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 40-42 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз 40 градус ыстық күтіледі. Қалада да төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында түнде солтүстік, шығыс және орталық аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз батыс пен шығыста жаңбыр мен найзағай күтіледі, ал батысында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Батыс және оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысында секундына 15-18 метрге жетеді. Оңтүстігінде ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батыс аудандарында жоғары өрт қаупі сақталса, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Ақтөбе қаласында түнде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Оңтүстігінде аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысып, батысында, оңтүстігінде және шығысында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз желдің екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысында, оңтүстігінде және солтүстік-шығысында секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай болады. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Солтүстік-батыс және батыстан соғатын желдің екпіні батысында, оңтүстігінде және шығысында секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауылды жел күтіледі.