Еліміздің бірнеше өңірінде 40 градусқа дейін ыстық болады
22 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық сақталып, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +40 градусқа дейін көтеріледі. Батыста жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі
22 маусымда Қазақстанда аптап ыстық ауа райы сақталады. Ауа температурасы +33...+38 градусқа дейін көтеріліп, еліміздің оңтүстігінде +40 градусқа дейін жетеді. Батыс өңірлердің кей жерлерінде ауа райы сәл салқындау болып, өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +34...+36°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +31...+33°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +33...+35°C.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты. Түнде арагідік жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +27...+29°C.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +26...+28°C.
Атырауда құбылмалы бұлтты, аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +27...+29°C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +36...+38°C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +31...+33°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +33...+35°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +33...+35°C.
Қостанайда құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +30...+32°C.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +24...+26°C, күндіз +38...+40°C.
Павлодарда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +35...+37°C.
Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +32...+34°C.
Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +33...+35°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +33...+35°C.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +29...+31°C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты. Түнде өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +36...+38°C.
Оралда бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +24...+26°C.
Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +33...+35°C.