$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.07.2020, 02:21
Жаңалықтар

Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізіледі

Қазіргі уақытта каспий итбалығы басқа каспий маңы мемлекеттерінің Қызыл кітабына енгізілген

Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізіледі
Фото: facebook.com

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінде каспий итбалығын Қазақстанның Қызыл кітабына енгізу мәселесі қарастырылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

 «2020 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінде видеоконференциялық байланыс арқылы «Гидробиология және экология институты» мен «Орталық Азиялық экологиялық зерттеулер институты» ЖШС өкілдерінің қатысуымен балық шаруашылығы мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық зоологиялық комиссияның отырысы өтті. Комиссия отырысында каспий итбалығын (Pusa Caspica) өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізу ұсынысы қолдау тапты», - деп жазды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Итбалықтарды қорғауға ықпал ету үшін және болашақта ерекше қорғалатын табиғи аумақ құруға маңызды бастамалардың бірі болмақ.

Қазіргі уақытта каспий итбалығы басқа каспий маңы мемлекеттерінің Қызыл кітабына енгізілген.

Серіктес жаңалықтары