$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.07.2020, 12:57
Жаңалықтар

Алматыда КВИ-мен күресуге 30 миллиардтан астам теңге бөлінді

Алматыда бюджеттен өзге бағыттағы шығындар барынша қысқарады  

Алматыда КВИ-мен күресуге 30 миллиардтан астам теңге бөлінді
Коллаж: Нұрсұлтан Жорабаев

Бірінші кезекте коронавирусқа қарсы күреске мән беріледі. Осыған байланысты бюджеттің барлық басым емес шығындары қысқарып, қаражат COVID-19-ға қарсы шараларға бағытталады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы»телеарнасында өткен Akimat Live бағдарламасының тікелей эфиріндегі сұрақтарға жауап беру кезінде айтты.

Әкімнің айтуынша, бұрын жоспарланған құрылыс жобаларын келесі жылға қалдыруға болады.

«Пандемия басталғаннан кейін біз бірден барлығын (пандемиямен күреске қатысы жоқ жобаларды) тоқтаттық. Келесі жылға дейін пандемия созылмайды деп үміттенеміз. Келесі жылы жеңіл болады және біз жоспарланған құрылыс жобаларын қайта жандандырамыз.  Спорттық-мәдени іс-шаралар, туризмге қатысты жоспарлар тоқтатылады», - деді әкім.

Жалпы, коронавируспен күреске (ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап) шамамен 60 млрд теңге бөлінді, оның ішінде Үкімет тарапынан 11,5 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру; жеке қорғаныс құралдарын сатып алу; кіреберістерді, аула аумақтарын және көшелерді дезинфекциялауға бағытталды

Биыл 16 шілдеде қалалық мәслихат қала бюджетін нақтылау туралы қаулы қабылдады. Оның аясында КВИ-мен күресуге 30 миллиардтан астам теңге бөлінді.

«Оның ішінде коронавирусты емдейтін госпитальдерді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету үшін тұрақтандыру және резервтік қорлар құруға және фармацевтикалық компанияларға пайызсыз кредит беруге бағытталған. Сондай-ақ «Халық Арена» базасында жұмыс істеп тұрған және құрылып жатқан ковидты стационарлар, ОҚКА реанимациясы, клиникалық-диагностикалық зертхана және жұқпалы аурулар ауруханасы үшін медициналық жабдықтар сатып алуға қаражат бөлінді»,- деді қала басшысы.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары