Атырау облысында жаяу жүргіншілер көпірінен құлаған әйел көз жұмды

Оқиға екі ауыл арасын жалғап тұрған жаяу жүргіншілер көпірінде болған

Атырау облысында жаяу жүргіншілер көпірінен құлаған әйел көз жұмды
Фото: © istockphoto.com

Атырау облысында жаяу жүргіншілер көпірінен құлаған 68 жастағы әйел адам қайтыс болды. Қайғылы оқиға 22 мамыр күні Мақат ауданында тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Мақат кенті мен Бәйгетөбе ауылын жалғап тұрған жаяу жүргіншілер көпірінде болған. Әйел адам сол көпірден құлап кеткен. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шұғыл жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетуге әрекет жасағанымен, дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, зардап шеккен тұрғынды аман алып қалу мүмкін болмаған 

Қазіргі уақытта аталған қайғылы жағдайдың нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға куәгерлерінен жауап алу және қажетті сараптамаларды тағайындау жұмыстары жүргізілуде.