23.05.2026, 13:29
Жаңалықтар
Ақмола облысында жоғалған бақташының денесі табылды
44 жастағы тұрғынның хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз полицияға 19 мамыр күні түскен
Фото: © istockphoto.com
Ақмола облысында үш күн бойы іздестірілген 44 жастағы бақташы өлі күйінде табылды. Ер адамның мәйіті жедел іздестіру шараларының нәтижесінде анықталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұланды ауданы Капитоновка ауылы тұрғынының хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз полицияға 19 мамыр күні түскен. Арада үш күн өткенде, яғни 22 мамырда жоғалған азаматтың денесі табылды.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Соның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады.
«Мәйітті алғашқы тексеру барысында оның денесінен зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері анықталған жоқ», — деп атап өтті құқық қорғау мекемесі.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
20.08.2026, 16:18
«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін сотпен қорқытты»: Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласы туралы сұмдық жайды әшкере етті
20.08.2026, 12:07
«Әзіл деп ойладым, анам хабарласқан соң ғана сендім»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта сөз сөйледі
20.08.2026, 12:22
«4 млн теңгесін ата-анасына қайтардық»: Әділет Зейнел әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты