Қазақстанда 9-шы және 11-сынып оқушылары қорытынды емтиханды қашан тапсыратыны анықталды

2025-2026 оқу жылындағы қорытынды емтихан мерзімдері бекітілді

Қазақстанда 9-шы және 11-сынып оқушылары қорытынды емтиханды қашан тапсыратыны анықталды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанда 9-шы және 11-сынып оқушылары қорытынды емтихан тапсыратын күндер белгіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 2026 жылғы 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады.

«11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2026 жылғы 2 маусым мен 15 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша форматта өткізіледі. Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты білім беру ұйымдарында 2026 жылғы 17-18 маусым аралығында өтеді», – делінген хабарламада.

Аттестат тапсыру іс-шарасы мектеп басшысының бұйрығы негізінде, ата-аналар комитетімен келісу арқылы мектеп ғимаратында өткізіледі.