«Құр сөз болып қалмасын»: қазақстандықтар келесі жылдан бастап АҚШ-қа тікелей ұша ала ма
Екі рейс те бірнеше жыл ішінде ашылады деген жоспар бар
Премьер-министр Олжас Бектенов көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтан жаңа халықаралық бағыттар бойынша қандай жұмыс атқарып жатқанын сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біз Нью-Йорк, Токио, басқа да бағытттар бойынша тікелей рейс ашамыз деп көптен бері әңгіме қозғадық. Әлі де нәтиже жоқ. Бұл бағытта қандай жұмыс атқарып жатырсыздар?», - деп сұрады Бектенов министрден.
Министр Астанадан 34 бағытта халықаралық бағыт бар екенін айтты.
«Токиоға осы жылдың төртінші тоқсанында, АҚШ-қа келесі жылдың екінші тоқсанында тікелей рейс ашылады. Қазір Астанадан 34 бағытқа ұшады. Биылдың соңына дейін тағы бес бағытқа ашамыз», - деді Нұрлан Сауранбаев.
Соңында Олжас Бектенов Токио мен АҚШ-қа ұшатын рейске қатысты жұмыс «құр сөз болып қалмасын» деп шегелеп айтты.