Түркістанда теңге ілуден әлем чемпионаты өтті: оған 10 елден спортшылар қатысты

Әлем чемпионатына жігіттермен бірге арулар да қатысып, бақ сынады

Түркістанда теңге ілуден әлем чемпионаты өтті: оған 10 елден спортшылар қатысты
Фото: Теңге ілу федерациясы

Көне шаһар – Түркістан төрінде теңге ілуден II әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға 10 мемлекеттен 50-ге жуық спортшы келіп бақ сынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жарыстың басты жаңалығы – жігіттермен қатар арулар қатысып, бақтарын сынады. Дүбірлі доданы Туризм және спорт министрлігі, халықаралық Теңге ілу федерациясы, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп ұйымдастырды. Жарыстың бас серіктесі – «Самұрық Қазына» АҚ, ал серіктестері «Sportqory» спортты қолдау қоры және «AlemAgro» компаниясы.

II әлем чемпионаты «Бес белес», «Қос құлаш», «Алтын тұяқ» стильдері бойынша өтіп, жеңімпаздар анықталды:

Бес белес:

  1. Бейбарыс Сапар (Қазақстан);
  2. Кадиржон Егамбердиев (Өзбекстан);
  3. Азим Есенбек уулу (Қырғызстан).

Қос құлаш:

  1. Азат Түлкібай (Қазақстан);
  2. Бактияр Батырбек уулу (Қырғызстан);
  3. Кайырбек Камчыбек уулу (Қырғызстан).

Алтын тұяқ:

  1. Адильбек Кенжебек уулу (Қырғызстан);
  2. Қанат Бақтыбай (Қазақстан);
  3. Өміртай Еркінбек (Моңғолия).

Түркістан төрінде өткен II әлем чемпионаты – теңге ілудің халықаралық деңгейдегі беделін арттырып, ұлттық мұраны ұлықтауға бағытталған маңызды шара.

Айта кетейік, Теңге ілу федерациясы Әлемдік этноспорт ұйымына 2025 мүшелікке қабылданған және теңге ілу спорты 2026 жылғы Қырғызстан елінде өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойынының бағдарламасына енген. Теңге ілу спорты халықаралық деңгейде қарқынды дамып келеді.