Павлодар облысында аулада тұрған көлікті екі ер адам ұрлап кеткен: олар тығылып отырған жерінен ұсталды
Павлодар облысында көлік ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды irbistv.kz.
Павлодар облысында көлік ұрлаған күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агентті irbistv.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, ВАЗ-2115 көлігінің иесі кілтін салонға қалдырып кеткен. Осыны пайдаланған қаскөйлер автокөлікті айдап әкеткен. Көлік ұрланғаны туралы хабар түскеннен кейін өңірде «Перехват» жоспары енгізілді.
Кейін көлік Омбы – Майқапшағай тасжолының бойынан қараусыз күйде табылды. Іздестіру барысында полицейлер екі күдіктіні де анықтаған. Олар ауылдардың бірінің маңындағы қаңырап қалған ғимаратта жасырынған.
«Ұсталғандар Екібастұз қаласының тұрғындары болып шықты. Олардың бірі бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстар үшін жауапкершілікке тартылған», – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.