15.05.2026, 10:04
Жаңалықтар
Алматы облысында жеке үйдің ауласына кіріп кеткен жылан ауыл тұрғындарын шошытты (ВИДЕО)
Абырой болғанда ешкім зардам шеккен жоқ
Фото: скриншот
Алматы облысында Қарасай ауданына қарасты Береке ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласына жылан кіріп кеткен. Үй иелері дереу құтқарушылардың көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға туралы хабар 112 пультіне түскеннен кейін мамандар жедел түрде оқиға орнына барған. Арнайы құралдардың көмегімен бауырымен жорғалаушы ұсталып, қауіпсіз аймаққа шығарылған.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Құтқарушылар тұрғындарға жабайы жануарлар мен бауырымен жорғалаушыларды өз бетінше ұстауға әрекет жасамауға кеңес береді. Мұндай жағдайда міндетті түрдебірден 112 нөміріне хабарласу қажет екенін ескертті.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген
27.09.2026, 12:14
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі бойжеткен қамауға алынды (ВИДЕО)